Ссылки доступа

Украина Виктория есімді жасанды баспасөз хатшысын таныстырды


Сәрсенбі күні Украина жасанды интеллект көмегімен дайындалған Виктория есімді баспасөз хатшысын таныстырды. Ол елдің сыртқы істер министрлігінің ресми мәліметтерін оқиды.

Бұл туралы «Америка дауысы» AFP агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлады. Виктория «твит» жариялап, атқаратын міндеті консулдық мәселелер бойынша қоғам мен журналистерге ақпарат жеткізу екенін түсіндірді.

Украина СІМ мәлімдеуінше, мекеме алғаш рет өз мәлімдемелерін тарату үшін цифрлы баспасөз хатшысын қолданады. Виктория мәлімдемелерін жасанды интлеккет құрастырмаған, оны «кәдімгі адамдар жазып, үстінен тексеріп шыққан», ал жасанды интеллект оны жеткізу жағымен ғана айналысады.

Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мұндай «технолгиялық қадамға» әлемнің ешқандай дипломатиялық қызметі әлі бара қоймағанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG