Ссылки доступа

Қырғыз-өзбек әріптестігі Ташкентте талқыланады


Қырғызстан үкімет басшысы Ақылбек Жапаров жұмыс бабымен Өзбекстанға келді.

Қырғыз үкіметі баспасөз қызметінің мәліметінше, Жапаров III Ташкент халықаралық инвестициялық форумға, сонымен бірге Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы үкіметаралық комиссия отырысына қатысады. Бірлескен жиналыс 2-3 мамырда өтеді.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы шаралар барысында екіжақты кездесулер ұйымдастырылады.

Бұған қоса, халықаралық компаниялар жетекшілерімен келіссөздер жүргізіледі. Олар құрылыс нысандарының бас жоспарларымен танысады.

Былтыр 16 тамызда Шолпан-Ата қаласында Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы үкіметаралық комиссияның оныншы отырысы өткен. Сонда 2022 жылдың аяғында сауда айналымы 32 пайызға артып, 1 миллиард 260 миллион долларға жеткені жарияланған.

XS
SM
MD
LG