Ссылки доступа

Ресейде жаппай төбелеске қатыстан 15 өзбек мигранты елден шығарылады


Ресейдің Туапсе қаласында жаппай төбелеске қатысқан 15 өзбекстандық елден шығарылады. Бұл туралы Краснодар өңірінің прокуратурасы хабарлады.

Мекеме мәліметінше, жаппай төбелес 24 сәуірде болған. Мұнай өңдеу зауытында жұмыс істейтін мигранттар өзара төбелескен. Жанжал тұрмыстағы келіспеушіліктен басталып, арты төбелеске ұласқан.

Оған Өзбекстанның 15 азаматы қатысқан.

Ресей құқық қорғау органдарының мәліметінше, төбелеске қатысы бар өзбекстандықтардың бәрі әкімшілік жазаға тартылып, оларды Ресейден депортациялау туралы шешім қабылданған.

XS
SM
MD
LG