Ссылки доступа

Бұхарада тарихи ескерткіштерді жөндеуге бөлінген ақшаның ұрланғаны хабарланды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Бұхара облысында тарихи ескерткіштерді қайта жөндеу кезінде 3 миллиард 340 миллион сумнан астам ұрлау фактісі анықталған. Бұл жөнінде Өзбекстанның бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бас прокурордың орынбасары Шерзод Тухтабоев жетекшілік еткен Мәдени мұра агенттігінің мамандарынан құралған жұмыс тобы Бұхара облысының тарихи ескерткіштерін, оның ішінде "Хожа Калон" мешітін, "Хусайни" және "Нодир Девонбеги" медреселерін, сонымен бірге Арк мұнарасын қайта жөндеу жұмыстарымен танысты.

Қайта жөндеу кезінде шенеуніктердің "Қожа Калон" мешітінде 731 миллион сум, "Хусайни" медресесінде 216 миллион сум, "Нодир Девонбеги" медресесінде 90 миллион сум жымқырғанын анықтаған.

Мекеме мәліметінше, Бұхараның тарихи орталығында жайғасқан 74 нысанға бағыттаушы белгілерді орнатуға бөлінген 50 миллион сум да ұрланған.

Бұл фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG